АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Перуде футболшыларды алаңда найзағай соқты, біреуі көз жұмды.
Трагедия жергілікті "Хувентуд Беллависта" және "Фамилия Чокка" командалары арасындағы матч кезінде болды.
23-минутта дауыл соғып, төреші ойынды тоқтатуға шешім қабылдаған, деп хабарлады AP News.
Спортшылар алаңнан кетіп бара жатқанда, найзағай түсіп, 39 жастағы қорғаушы Хосе Уго де ла Круc Меcа сол жерде қаза тапты.
Соққы кезінде бірнеше адам бірден құлап, екі адам ауыр күйікпен ауруханаға жатқызылды.