АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Атырау қаласында үлескерлердің ақшасын жымқырған құрылыс компаниясының басшысы сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
"Андора Констракшн" ЖШС-нің директоры әкімдіктен үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 2020-2023 жылдары аралығында 25 адаммен жалған алдын-ала келісімдер жасаған. Үлескерлер барлығы 313 миллион теңгесін аударып берген.
"Атырау қаласы №2 сотының үкімімен серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, "Nazik Group" ЖШС-нің директоры мен "Атамекен Тұрғын Үй", "Family Town" және "Baisanat Residence" тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.
Бұған дейін прокурорлық қадағалау негізінде екі құрылыс компаниясы әкімшілік жауапқа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады.