https://sputnik.kz/20231208/uleskerler-kelisimshartyn-rasimdeudin-qauipsiz-tasili-engiziledi-40703463.html
Үлескерлер келісімшартын рәсімдеудің қауіпсіз тәсілі енгізіледі
Үлескерлер келісімшартын рәсімдеудің қауіпсіз тәсілі енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Үй алатын адам оған электронды цифрлық қолтаңба немесе QR-код арқылы қол қояды 08.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-08T10:24+0500
2023-12-08T10:24+0500
2023-12-08T10:24+0500
үлескерлер
келісім
https://sputnik.kz/img/1393/79/13937993_58:0:2942:1622_1920x0_80_0_0_1467908b3de6f9b550fa1e64032fecd3.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда жаңа жылдан бастап үлескерлердің келісімшартын рәсімдеудің цифрлық форматы енгізіледі. Бұл туралы “Қазақстан тұрғын үй компаниясы” АҚ бизнес процестер және цифрлық даму депарламентінің директоры Ернар Абитаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде құрылыс компаниялары үлескерлік қатысу туралы келісімшарттарды өз кеңсесінде рәсімдейді. Оған үлескер қол қойғаннан кейін құжаттың көшірмесі eGov порталы арқылы әкімдікке жіберіледі. Ескертулер болмаса, келісімшарттың тіркелгені туралы хабарлама құрылыс компаниясына жолданады. Ол өз кезегінде үлескерге хабар береді. Осының бәріне үш күн кетеді.Оның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік органдар осы бастаманы рәсімдеуге кірісті. Келесі жылдан бастап жаңа қызмет іске қосылады.
https://sputnik.kz/20231130/shygys-qazaqstan-oblysynda-uleskerler-qurylys-kompaniyasyna-aldanyp-qaldy-40527298.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1393/79/13937993_418:0:2581:1622_1920x0_80_0_0_228b493568d7353471c18241c410c675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үлескерлер, келісім
Үлескерлер келісімшартын рәсімдеудің қауіпсіз тәсілі енгізіледі
Үй алатын адам оған электронды цифрлық қолтаңба немесе QR-код арқылы қол қояды
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда жаңа жылдан бастап үлескерлердің келісімшартын рәсімдеудің цифрлық форматы енгізіледі. Бұл туралы “Қазақстан тұрғын үй компаниясы” АҚ бизнес процестер және цифрлық даму депарламентінің директоры Ернар Абитаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде құрылыс компаниялары үлескерлік қатысу туралы келісімшарттарды өз кеңсесінде рәсімдейді. Оған үлескер қол қойғаннан кейін құжаттың көшірмесі eGov порталы арқылы әкімдікке жіберіледі. Ескертулер болмаса, келісімшарттың тіркелгені туралы хабарлама құрылыс компаниясына жолданады. Ол өз кезегінде үлескерге хабар береді. Осының бәріне үш күн кетеді.
“Ондайда уақыт көп кетеді. Сосын келісімшартты жасағанда немесе тіркеуге алғанда қателіктер жіберілуі мүмкін. Ал жаңа механизм бойынша qazreestr.kz порталында құрылыс компаниясы бекітілген келісімшартты дайындап, үлескерге жібере алады. Үй алатын адам оған электронды цифрлық қолтаңба немесе QR-код арқылы қол қояды. Сосын құжат автоматты түрде әкімдікке тіркеуге жіберіледі. Бұның бәрі 1 күнде жасалады. Бірақ пилоттық жоба кезінде келісімшарттар бірнеше секундттың ішінде тіркелді”,- деді Абитаев жаңа платформаны таныстыру рәсімінде.
Оның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік органдар осы бастаманы рәсімдеуге кірісті. Келесі жылдан бастап жаңа қызмет іске қосылады.