Тұман, көктайғақ, қар: 2-4 қарашада ауа райы қандай болады

Sputnik
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен алдығы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша , 2-3 қарашада елдің оңтүстік-шығысында, 3-4 қарашада шығыста күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, солтүстікте, орталықта екпінді жел соғып, көктайғақ болады.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 0-7 градус, күндіз 2 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Елдің орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус жылы, күндіз 8-13 градус жылыға дейін, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 3-13, күндіз 15-22 градус жылуға дейін көтерілуі мүмкін.
Ақылы жолдардағы ауа райы жағдайын онлайн көруге болады