Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша сыртқы істер министрлігі Украинаға қаруды кредитке сатып алуды ұсынды

Sputnik
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Польша Украинаға қаруды несиеге сатып алуды ұсынып отыр, деп хабарлады Polsat телеарнасында республиканың сыртқы істер министрі Радослав Сикорский.
Оның айтуынша, Дональд Туск үкіметі "қорғаныс несиесі туралы ұсыныс жасаған".
"Қаласаңыз поляк зауыттарынан несиеге сатып алыңыз, ал жағдайыңыз болған кезде төлеңіз", - деді Сикорский.
Бұған дейін Польша басшылығы Варшава Украинаға жалпы ішкі өнімге қатысты басқа елдерге қарағанда көбірек әскери көмек көрсетті деп мәлімдеген.
МиГ-29 жойғыш ұшақтары туралы айта келе, Польша премьер-министрінің орынбасары және Ұлттық қорғаныс министрі Владислав Косиниак-Камыш елде қалған ұшақтарды Польша әскери-әуе күштері жаңа ұшақтармен ьолыққанан кейін ғана Украинаға беруге болады деп мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Австрия Украина қақтығысында делдал болғысы келетінін білдірді