Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Австрия Украина қақтығысында делдал болғысы келетінін білдірді

австрия парламент вена
австрия парламент вена - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан - Sputnik. Австрия Ұлттық кеңесінің (парламенттің төменгі палатасы) жаңадан сайланған басшысы Вальтер Розенкранц Украинадағы қақтығыс бойынша келіссөздерде Австрияның делдалдық рөл атқарғанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Алайда Австрия билігі Ресейге қарсы санкцияларды қолдағандықтан делдалдық үшін бейтарап ел ретінде қабылданатынына күманданады.
Розенкранц Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесу қажет екенін атап өтті.
"Егер Австрия бейтарап ел ретінде келіссөздер алаңын ұсына алса осы жерде біз айтарлықтай алға жылжитын едік. Алайда қазіргі ушығып тұрған жағдайда бейтараптықты ұсыну мүмкін емес. Бұл Ресейге қарсы салынған санкциялармен де байланысты. Сондықтан Ресей бізді бейтарап ел ретінде қабылдай қоюы екіталай", - деді Розенкранц Австрияның ServusTV телеарнасына берген сұхбатта.
Оның айтуынша, егер Австрияға бейтарап рөлді қайтаруға мүмкіндік берілсе, ол бірінші болып ұсыныс айтар еді.
Ежегодная большая пресс-конференция президента РФ В. Путина - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
БРИКС елдері Украина мәселесінде делдал болуға дайын
Жаңалықтар
0