АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алматы облысында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген", — делінген хабарламада.