Жамбыл және Ақтөбе облыстарында газ кен орындары барланады

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы екі учаскеде газ кен орындарын барлау және өндіру жұмыстары жүргізіледі.
Энергетика министрлігі "QazaqGaz" ҰК" АҚ-мен екі жетілдірілген модельдік келісімшарт жасасты:
Жамбыл облысындағы "Малдыбай" учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру;
Ақтөбе облысындағы "Шалқар" учаскесінде стратегиялық серіктес "КОР" Мұнай компаниясы" АҚ-мен бірлесіп көмірсутектерді барлау және өндіру.
2025 жылы "Малдыбай" учаскесінде бұрын бұрғыланған екі ұңғыманы қалпына келтіру және 190 км² аумақта 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
"Шалқар" учаскесіндегі барлау ұңғымасын барлау жұмыстары 2025 жылы басталады.
Қазақстанның батысына қосымша сұйытылған газ жөнелтілді