Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысының әкіміне сөгіс жариялады. Бұл туралы президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов жылыту маусымының уақытылы басталмауына байланысты қызметінен босатылған болатын. Қала әкімінің міндетін атқарушы болып Мақсат Қайрешов тағайындалды.
Саран әкімі қатаң сөгіс алды