https://sputnik.kz/20241028/saran-akimi-qatan-sogis-aldy-48130037.html
Саран әкімі қатаң сөгіс алды
Саран әкімі қатаң сөгіс алды
Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысының әкімі лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты 28.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-28T13:54+0500
2024-10-28T13:54+0500
2024-10-28T13:54+0500
қарағанды облысы
жылу беру маусымы
https://sputnik.kz/img/105/02/1050241_0:157:3081:1890_1920x0_80_0_0_f36f6342774f27973e167fa12fb87850.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтан қатаң сөгіс алды.Оған себеп – қаланы жылумен қамтудағы олқылық. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов тәртіптік жаза ретінде ескерту алды.Сол жиында әкім барлық жергілікті қазандықтың қалыпты жұмыс істеп жатқанын, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілгенін жеткізді. Қалалық чатқа келіп түскен үйлерге қатысты мәселелер жедел қаралады, деп сендірді Саран әкімі Еркін Баулықов.15 қазанда Қазақстан премьер-министрі Саран қаласындағы ақаулыққа кінәлілердің барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Бұл кезде Бектенов қала әкімі туралы айтты."Нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Қылмыс құрамы анықталса, барлық кінәлі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Олжас Бектенов.Кейін облысқа энергетика министрі Сәтқалиев ұшып кетті.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/105/02/1050241_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_117fb977b3cc426946d3ca55993e6140.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, жылу беру маусымы
қарағанды облысы, жылу беру маусымы
Саран әкімі қатаң сөгіс алды
Қарағанды облысының әкімі лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтан қатаң сөгіс алды.
Оған себеп – қаланы жылумен қамтудағы олқылық. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов тәртіптік жаза ретінде ескерту алды.
"Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жете бақыламағаны үшін жазаланды. Қыс мезгілінде сапалы жылумен қамтамасыз ету біз үшін басты міндет екенін тағы бір мәрте еске салғым келеді. Жұмыс үздіксіз жүргізілуі керек! Әр жағдайға қатаң баға беріліп, жауапкершілік дәрежесі анықталады", — деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Сол жиында әкім барлық жергілікті қазандықтың қалыпты жұмыс істеп жатқанын, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілгенін жеткізді. Қалалық чатқа келіп түскен үйлерге қатысты мәселелер жедел қаралады, деп сендірді Саран әкімі Еркін Баулықов.
15 қазанда Қазақстан премьер-министрі Саран қаласындағы ақаулыққа кінәлілердің барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Бұл кезде Бектенов қала әкімі туралы айтты.
"Нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Қылмыс құрамы анықталса, барлық кінәлі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Олжас Бектенов.
Кейін облысқа энергетика министрі Сәтқалиев ұшып кетті.