ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алулар көбіне ашық бәсекелестік әдістермен жүзеге асырылады

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алулар саясаты департаменті директорының орынбасары Нұрлан Бегалиев ЕАЭО елдерінің өзара байланысының статистикалық деректерін жариялады, деп хабарлады ЕЭК.
Департамент директоры орынбасарының айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі ашық бәсекелестік сатып алу әдістері арқылы жүзеге асырылады, оның 99%-ы электронды форматта орындалады.
Белгілі болғандай, қазіргі жағдайда мемлекеттік сатып алулар саласы одақ елдері арасындағы экономикалық даму мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды құралы болып табылады. ЕАЭО-ның бұл салаға ерекше көңіл бөлуі де сондықтан.
Қазіргі уақытта комиссия бірқатар бағыт бойынша жұмыс істеуде, оларды жүзеге асыру резидент емес жабдықтаушыларға Одақтағы мемлекеттік сатып алуларға кедергісіз қатысуға бұдан да көп мүмкіндіктер береді.
Нұрлан Бегалиев ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алулар бойынша банктік кепілдіктерді өзара тану туралы халықаралық шартқа қол қоюды, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану қағидаларын әзірлеуді, және осы мақсаттар үшін ЕАЭО тауарларының оны дайындаған елді анықтаудың бірыңғай ережелерін белгілеу мәселесін шешуді бұл жұмыстың маңызды нәтижелері ретінде атауға болады.
Қазақстанда азық-түлік ЕАЭО елдерімен салыстырғанда қатты қымбаттамаған