Қазақстанда азық-түлік ЕАЭО елдерімен салыстырғанда қатты қымбаттамаған

© Sputnik / Тимур БатыршинНа базарах и в магазинах у дома можно купить только фасованные продукты
На базарах и в магазинах у дома можно купить только фасованные продукты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2024
Жазылу
Қыркүйек айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,3%-ға дейін баяулады
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан азық-түлік бағасы өсімінің ең төменгі көрсеткіші бойынша Армениядан кейін екінші орынды иеленді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,9%, Ресейде 4,5%, Беларусьте 3,7%-да құрады
Қыркүйек айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,3%-ға дейін баяулады, азық-түлік бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 5,1%-ға дейін төмендеді. 9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы тамыз айымен салыстырғанда тұрақты қалды. 7 тауар бойынша көрсеткіш төмендеген. Оның ішінде сәбіз, күріш, жұмыртқа, қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы және ұн бар.
Бағаны тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция министрлігі қолдау шараларын жүзеге асыруда, соның ішінде:
отандық өндірісті қолдайтын әлеуметтік азық-түліктерді қаржыландыруға басымдық беру;
маусымаралық кезеңде тауар интервенциялары;
сауда үстемесін бақылау;
делдалдарды болдырмау үшін баға белгілеу тізбегін талдауды күшейту;
заманауи сауда форматтары мен инфрақұрылымын дамыту.
Жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық бөлімшелері сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін 4014 әкімшілік қаулы шығарды. Жалпы сомасы 25 млн теңгеге 667 айыппұл мен 3,3 мыңнан астам ескерту жасалды.
Жаңалықтар
0