Ақмола облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, үш адам көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Ақмола облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды облытық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы үш адам түрлі жарақатпен Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
"1 қарашаға қараған түні Степногорск – Заводской жолында "Audi B4" автокөлігі мен үш бос цистернасы бар локомотив соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Автокөлік жүргізушісі сол жерде жан тапсырған, екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды.
Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Бір тәулікте 11 жылқыны пойыз басып кетті