Жылу электр станцияларын салу туралы келісімнің хаттамасына жақын арада қол қойылады

Өңірлерде үш жаңа жылу электр орталығы салынады
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан - Sputnik. Жақында Қазақстан жылу электр орталығын салу туралы Ресеймен келісім хаттамасына қол қояды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты.
"Интер РАО" компаниясымен бірлесіп құрылыс мердігерлерін таңдау бойынша алдын ала рәсімдер жүргізілуде және жабдықтарға тапсырыс беріліп жатыр", - деді Сатқалиев.
Еске салайық, Қазақстан мен Ресей сәуір айында Көкшетау, Семей және Өскеменде көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларын салу туралы келісімге қол қойған болатын. Уәкілетті ұйымдар –"Самұрық-Энерго" АҚ және "ИНТЕР РАО – Экспорт".
Үш облыс орталығында үш жаңа жылу электр станциясын іске қосу олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді, деп атап өтті сол кезде энергетика министрі.
Семейдің жылу желілері әбден тозған: Үкімет басшысы Абай облысына барды