https://sputnik.kz/20240726/semeydin-zhylu-zhelileri-abden-tozgan-ukimet-basshysy-abay-oblysyna-bardy-45901603.html
Семейдің жылу желілері әбден тозған: Үкімет басшысы Абай облысына барды
Семейдің жылу желілері әбден тозған: Үкімет басшысы Абай облысына барды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Семейдегі апатты ЖЭО инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз... 26.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-26T15:51+0500
2024-07-26T15:51+0500
2024-07-26T15:51+0500
абай облысы
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42034637_0:322:3067:2047_1920x0_80_0_0_83beb424822c1e2f689173cd066d63cb.jpg
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Семейдегі апатты ЖЭО инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Ол Семейдегі апатты ЖЭО жаңғырту барысын бақылап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және жылу беру кезеңіне дайындығын тексерді."Абай облысы "қызыл аймақтағы" өңірлердің қатарына кіреді. Облыс бойынша жылу желілері 64,2% тозған.Бүгінгі таңда 28 жоба іске асыру сатысында.37,9 шақырым желі мен 17 жылу көзін салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға10,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді", - дейді ведомство.Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылу желілерінің тозу деңгейін57,7%-ке төмендетуді жоспарлап жатқанын айтты.Қазіргі таңда Семей қаласының сол және оң жағалаулары автономды түрде жылумен жабдықталған. ЖЭО-1 сол жағалау тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді, оң жағалауда бұл функцияны 21 қазандық атқарады.Жылу желілерін жаңғырту, апаттық жағдайлардың алдын алу, тозуды азайту және инфрақұрылымның эксплуатациялық сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берілді. Энергетика, қаржы министрлігіне ЖЭО-3 магистральдық желілері құрылысын қаржыландыру тетігін пысықтау тапсырылды.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42034637_84:0:2813:2047_1920x0_80_0_0_ee1ba1a454c1a06fc9baa0c0fcbaca85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, жылу электр орталығы
абай облысы, жылу электр орталығы
АЛМАТЫ, 26 шілде - Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Семейдегі апатты ЖЭО инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол Семейдегі апатты ЖЭО жаңғырту барысын бақылап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және жылу беру кезеңіне дайындығын тексерді.
"Абай облысы "қызыл аймақтағы" өңірлердің қатарына кіреді. Облыс бойынша жылу желілері 64,2% тозған.
Бүгінгі таңда 28 жоба іске асыру сатысында.
37,9 шақырым желі мен 17 жылу көзін салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға
10,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді", - дейді ведомство.
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылу желілерінің тозу деңгейін
57,7%-ке төмендетуді жоспарлап жатқанын айтты.
Қазіргі таңда Семей қаласының сол және оң жағалаулары автономды түрде жылумен жабдықталған. ЖЭО-1 сол жағалау тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді, оң жағалауда бұл функцияны 21 қазандық атқарады.
"Абай облысында, оның ішінде Семей қаласында жылумен жабдықтау мәселесі өте күрделі. Инженерлік желілердің тозуы мен жергілікті ЖЭО жағдайы бойынша өңір “қызыл аймаққа” жатады. Осы жылдың соңына дейін жылу көздерін сапалы жаңғырту жұмыстарын жүргізу – мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында", — деді Олжас Бектенов.
Жылу желілерін жаңғырту, апаттық жағдайлардың алдын алу, тозуды азайту және инфрақұрылымның эксплуатациялық сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берілді. Энергетика, қаржы министрлігіне ЖЭО-3 магистральдық желілері құрылысын қаржыландыру тетігін пысықтау тапсырылды.