Үкімет инфляцияға қатысты болжам жасады

Инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5 және 7,5 пайыз, 2026 жылы 5 және 6 пайыз аралығында айқындалды
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Үкімет мәжілісте 2025 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, 2025 жылы жалпы ішкі өнім 5,6 процентке, ал бес жылдың ішінде орташа есеппен 5,4 процентке өсіп тұрады.
"Экономиканың барлық саласында өсім болжанады. Мәселен, өнеркәсіптегі орташа жылдық өсу қарқыны 4,1 пайыз, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 5,8 пайызды, тау-кен өндіру өнеркәсібінде –2,9 пайызды құрайды",-деді Байбазаров мәжілістің жалпы отырысында.
Ал инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5 және 7,5 пайыз, 2026 жылы 5 және 6 пайыз аралығында айқындалды.
"2027-2029 жылдары 5 пайызға дейін төмендейді деп болжанып отыр", - деп түйіндеді министр.
Мәжіліс ұлттық қордан алынатын қаржының көлемін мақұлдады