Мәжіліс ұлттық қордан алынатын қаржының көлемін мақұлдады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2024
Жазылу
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық қордан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталды. Ал мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41 – 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген.
"Осыны ескере отырып, ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды", - дейді Байбазаров.
Қазіргі болжам бойынша ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ долларын, ал 2026-2027 жылдары 69,9 – 78,7 млрд АҚШ долларын құрайды.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын қабылдады.
Строительство атомной электростанции Аккую в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2024
Үкімет АЭС құрылысына Ұлттық қордан ақша ала ма
Жаңалықтар
0