"Қазхром" карьерінде көлік аударылды: екі адам мерт болды

Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. "Қазхром" компаниясына қарасты карьерде жүк көлігі аударылды. Кабинада отырған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жол апаты бүгін Дөң кен-байыту комбинаты филиалының карьерінде болған. Жүк көлігі қатты жылдамдықпен бұрылып жатқанда аударылып кеткен. Оқиға орнында жүргізуші мен оның жолаушысы көз жұмды.
Облыстық полиция депаратменті тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің 277-3-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша үш жылдан сегіз жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жол апаты қай облыстарда жиі болады