https://sputnik.kz/20240730/zhol-apaty-qay-oblystarda-zhii-bolady-45960899.html
Жол апаты қай облыстарда жиі болады
Жол апаты қай облыстарда жиі болады
Sputnik Қазақстан
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын жол апаттарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады 30.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-30T10:58+0500
2024-07-30T10:58+0500
2024-07-30T10:58+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e7/07/11/36832940_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_5988cf51bbe2738268b30c99b4d61e53.jpg
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол апаты жиі болатын облыстарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын жол апаттарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Бүгінде республикалық жолдардың тек 3 проценті ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Ал бірнеше облыста жолдағы адам өлімі жоғары болып тұр.Сәденов атап өткендей, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының тасжолдарында адам өлімінің деңгейі жоғары.Оның айтуынша, қалалар арасындағы жолдарды барынша кеңейту керек. Себебі екі жолақты жолдарда бетпе-бет соғысу және аударылу жиі болады. Жолдарды жөндегеннен кейін адам шығыны бірнеше есеге азаяды. Мәселен, "Астана – Щучинск" тас жолында бұрын жыл сайын 75 адамның өлімі тіркелген. Қазіргі кезде 12 адамнан аспайды. Сол сияқты "Астана – Теміртау" тас жолында адам өлімі 30-дан 18-ге дейін азайған.
https://sputnik.kz/20240714/qaragandy-oblysynda-zhol-apatynan-bes-adam-koz-zhumdy-45641590.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/11/36832940_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_c6cf9562aaa9bc831d26a4ba6631ab38.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Жол апаты қай облыстарда жиі болады
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын жол апаттарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол апаты жиі болатын облыстарды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын жол апаттарынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Бүгінде республикалық жолдардың тек 3 проценті ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Ал бірнеше облыста жолдағы адам өлімі жоғары болып тұр.
Сәденов атап өткендей, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының тасжолдарында адам өлімінің деңгейі жоғары.
"Мәселен, шілдеде Қарағанды облысы "Алматы-Екатеринбург" тасжолының жөнделіп жатқан учаскесінде 2 апта ішінде 3 жол көлік оқиғасы болды.Онда 9 адам қаза тауып, 14-і жарақат алды. Ал Ақтөбе облысында бір шұңқырдың кесірінен 2 жол апаты болды, 4 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты", - дейді Сәденов.
Оның айтуынша, қалалар арасындағы жолдарды барынша кеңейту керек. Себебі екі жолақты жолдарда бетпе-бет соғысу және аударылу жиі болады. Жолдарды жөндегеннен кейін адам шығыны бірнеше есеге азаяды. Мәселен, "Астана – Щучинск" тас жолында бұрын жыл сайын 75 адамның өлімі тіркелген. Қазіргі кезде 12 адамнан аспайды. Сол сияқты "Астана – Теміртау" тас жолында адам өлімі 30-дан 18-ге дейін азайған.