Отандық көліктер өзімізден шыққан темірден жасалмайды – министр себебін түсіндірді

Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық көліктерді өзімізден шыққан темірден жасамаудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл 9 айдың ішінде Қазақстанда 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды. Бірақ өзімізден шыққан темірді қолдану үшін бірнеше талап бар.
"Ол үшін темірдің арнайы маркасын өндіру керек. Одан кейін арнайы металопрокат шығару қажет. Содан штамповка жасалады. Осылайша, көліктерді Қазақстанда өндірілген темірден құрастыруға болады. Ондай жоспарымыз бар", - деді Шарлапаев үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, алдымен темірдің бірнеше арнайы маркасын өндіру жоспарланып отыр.
"Біз алдымен шағын бөлшектерді шығаруды жолға қоюымыз қажет. Ондай зауыттарды келесі жылы іске қосатын боламыз. Одан кейін басқа да бөлшектерді, мысалы, пластик, дөңгелек және да заттарды өндіреміз. Сосын барып темір өндірісін қарастыратын боламыз ", - деп атап көрсетті Шарлапаев.
Қазақстанда мыңдаған көлік техникалық жарамсыз болып танылған