АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Астанада елорда тұрғынының банкоматқа салған 1 миллион теңгесін белгісіз біреу ұрлап кетті. Қылмыстың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің банкомат арқылы өз шотына ақша салмақ болғанын анықтады.
"Қала тұрғыны қолма-қол ақшаны ақша қабылдағышқа салған, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша есепке алынбай, банкомат оны қайта шығарған", - деп түсіндірді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленуші мұны байқамаған, ал жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып кеткен.
"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.