https://sputnik.kz/20241029/astana-turgynynyn-bankomatqa-salgan-million-tengesi-urlandy-48146300.html
Астана тұрғынының банкоматқа салған миллион теңгесі ұрланды
Астана тұрғынының банкоматқа салған миллион теңгесі ұрланды
Sputnik Қазақстан
Банкоматтағы ақау салдарынан жігіт салған ақша қабылданбай, бетінде қалып қойған 29.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-29T13:56+0500
2024-10-29T13:56+0500
2024-10-29T13:56+0500
банкомат
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19085873_0:255:2736:1794_1920x0_80_0_0_836cd776daed35c787c50b16bdbb6d9d.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Астанада елорда тұрғынының банкоматқа салған 1 миллион теңгесін белгісіз біреу ұрлап кетті. Қылмыстың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің банкомат арқылы өз шотына ақша салмақ болғанын анықтады.Жәбірленуші мұны байқамаған, ал жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып кеткен."Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19085873_3:0:2734:2048_1920x0_80_0_0_9de7f610435d9bfbde3d8f85fde2da99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкомат, ұрлық
Астана тұрғынының банкоматқа салған миллион теңгесі ұрланды
Банкоматтағы ақау салдарынан жігіт салған ақша қабылданбай, бетінде қалып қойған
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Астанада елорда тұрғынының банкоматқа салған 1 миллион теңгесін белгісіз біреу ұрлап кетті. Қылмыстың
видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің банкомат арқылы өз шотына ақша салмақ болғанын анықтады.
"Қала тұрғыны қолма-қол ақшаны ақша қабылдағышқа салған, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша есепке алынбай, банкомат оны қайта шығарған", - деп түсіндірді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленуші мұны байқамаған, ал жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып кеткен.
"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.
Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.