Ұлытау облысында 218 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған

Экс-бөлім басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Ұлытау облысы Жезқазған қаласында 218 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғары баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданған. Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңге", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша жауапқа тартылып, қаражат мемлекетке қайтарылды.
Бюджет қаражатын ұтысқа тіккен: Ақтөбедегі спорт мектептерінде тергеу жүргізіліп жатыр