Қазақстанда 15 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Түркістан облысында 15 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Көрші елдің екі азаматы 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
"Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, екеуі де "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Түркістан облысының аумағында ұсталды. Олар 15 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдіктіні Латвиядан экстрадициялады