Бас прокуратура алаяқтық жасады деген күдіктіні Латвиядан экстрадициялады

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Бүгін қылмыстық жауапқа тарту үшін алаяқтық жасағаны үшін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Экстрадициялау процесін Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің қолдауымен бас прокуратураның және ІІМ интерпол қызметкерлері бірлесіп жүргізді.
"2016 жылы күдікті, адам тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды.
Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2023
Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікті Германиядан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0