ЕАЭО мен Оңтүстік Америка арасындағы тауар айналымы жарты жылда 30%-ке өсті

Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. ЕАЭО елдері мен Оңтүстік Американың ортақ нарығы (МЕРКОСУР) арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-дан астамға өсті, деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Аргентинаның Ресейдегі Елшісі Энрике Игнасио Феррер Виейрамен кездесу барысында.
"Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ пен Аргентина арасындағы, сондай-ақ Аргентина Республикасы мүше болып табылатын Оңтүстік Американың ортақ нарығымен (MERCOSUR) өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады", - делінген хабарламада.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ пен МЕРКОСУР мемлекеттері арасындағы өзара сауданың оң динамикасын атап өтті.
Энрике Игнасио Феррер Виейра өз кезегінде ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.
ЕАЭО-да БРИКС елдерімен сауда дамып келеді – ЕЭК