Алматыда QR-код бейнеленген парақтарды жабыстырып жүрген адамдар ұсталды

Оған өткен кезде есірткі заттарын сататын Телеграм каналға сілтеме жасалады
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Алматыда есірткі жарнамасы жазылған парақты таратқан адамдар ұсталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
"50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы" деген мәтін жазылған парақтарды жабыстырып жүрген екі адам ұсталды.
"Оларда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі заттарын сататын Телеграм каналға сілтеме жасалады", - дейді ведомство.
Бұндай қылмыс жасағандар бас бостандығынан айырылады.
Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырды.
Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды