Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды
© Photo : Polisia.kz.Крупная нарколаборатория ликвидирована в Алматинской области
© Photo : Polisia.kz.
Жазылу
Зертхананың қызметі тоқтатылды
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Алматыда қала прокуратурасының үйлестіруімен ірі есірткі зертханасы сәтті жойылды, деп хабарлайды қадағалау органының баспасөз қызметі.
Операция барысында қылмыстық кәсіпорынының ұйымдастырушысы ұсталып қамауға алынды.
"Зертхананы тінту кезінде 3 полиэтилен пакетке оралған 15 келідайын мефедрон, әрқайсысы 30 литрлік 36 канистр, 10 литрлік 4 канистр, бес литрлік 5 шелек, 8 литрлік сұйықтық сақталған пластик бөтелкелер, сондай-ақ сору жүйесі бар моншасы, оның ішінде реагенттерді араластыру үшін қолданылатын 150 литрлік бөшке, электронды таразы, тыныс алу маскалары, араластыруға бейімделген бұрағыш, 8 пластикалық науалар табылып тәркіленді", , - делінген хабарламада.
Тәркіленген барлық құрал-жабдық пен заттар сараптамаға жіберілді.
Жыл басынан бері Алматы қаласының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қалада белсенді жұмыс істеп тұрған 22 наркологиялық зертхананың жолын кесті.