Air Astana Алматыдан Фукуокқа (Вьетнам) жаңа рейс ашты

Әуе компаниясы сонымен қатар танымал халықаралық бағыттарға қосымша рейстерді іске қосады
Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Air Astana қысқы кестеге көшті, оның аясында танымал халықаралық бағыттарға жаңа рейстер ашылады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Атап айтқанда, бүгіннен бастап Алматыдан Фукуокқа (Вьетнам) жаңа рейс аптасына 5 рет жиілікпен басталды.
Бір күн бұрын әуе компаниясы аптасына 5 рет жиілікпен Мальдив аралдарына маусымдық жоспарлы рейстерді қайта бастады.
Қазан айының соңынан бастап Мединаға рейстер Алматыдан аптасына 2 рет, ал Жидда мен Мединаға тағы бір рейс Шымкенттен ұшатыны хабарланды.
Сонымен қатар, Air Astana қазан айының соңынан бастап Әбу-Дабиге Астанадан аптасына 2 рет, ал желтоқсаннан бастап Алматыдан дәл осындай жиілікпен рейстерді орындайтын болады.
Желтоқсан айының басынан Air Astana Астанадан Үрімшіге аптасына 2 рет жиілікпен рейстерді қайта іске қосады және Алматыдан Үрімшіге аптасына 4 рет, Алматыдан Бейжіңге 5 рет, ал Астанадан Бейжіңге – аптасына 2 рет қатынайтын рейстерді орындауды жалғастырады.
Астана мен Сеул арасындағы әуе рейстерінің саны артады. Рейстер аптасына 3 рет жиілікте орындалады, бұл Алматыдан Сеулге аптасына қолданыстағы 5 жиілікті толықтырады.
Қазақстандық әуе компаниялары Будапешт, Рига, Вена және Мюнхенге рейс ашуды жоспарлап отыр