Өзбекстанда парламент сайлауы өтті деп саналды

Түске дейін сайлаушылардың 47 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді
Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Өзбекстанда парламент сайлауы өтті деп саналды.
Сағат 13.00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 47,62 пайызы қатысты, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Өзбекстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлау қарсаңында Өзбекстанның бірыңғай электронды сайлаушылар тізімінде 20 миллионға жуық адам тіркелген.
Заңға сәйкес, сайлау өту үшін тіркелген сайлаушылардың 33 пайызы дауыс беруі керек.
Тоқаев президент сайлауы туралы: Бұл – жалған ақпарат