https://sputnik.kz/20240103/toqaev-prezident-saylauy-turaly-bul--zhalgan-aqparat-41338000.html
Тоқаев президент сайлауы туралы: Бұл – жалған ақпарат
Тоқаев президент сайлауы туралы: Бұл – жалған ақпарат
Sputnik Қазақстан
Тоқаев жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүргенін де еске алды 03.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-03T09:51+0500
2024-01-03T09:51+0500
2024-01-03T09:51+0500
қасым-жомарт тоқаев
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/1043/16/10431600_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_443868ae03ce2339ed3fd27c0899e535.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде Президент Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сайлауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесет тарады.Тоқаев жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүргенін де еске алды. Бірақ ол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Ал өзі президент болып сайланғаннан кейін осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатынын көп ойлады."Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам", - деп атап көрсетті президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1043/16/10431600_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_da29a6e5ab66a89e05c7042b89eb0056.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, президент сайлауы
қасым-жомарт тоқаев, президент сайлауы
Тоқаев президент сайлауы туралы: Бұл – жалған ақпарат
Тоқаев жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүргенін де еске алды
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде Президент Конституцияға қатысты референдум өткізіп, 2026 жылы тағы да сайлауға түсуді жоспарлап отыр деген қауесет тарады.
"Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ. Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген", - деді Тоқаев "EGEMEN QAZAQSTAN" газетіне берген сұхбатында.
Тоқаев жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүргенін де еске алды. Бірақ ол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Ал өзі президент болып сайланғаннан кейін осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатынын көп ойлады.
"Суперпрезидентке тән өкілеттіктерді жою үшін 2022 жылы Конституцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам", - деп атап көрсетті президент.