АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. 28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.
Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.