Отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші кәсіпорын Моңғолия нарығына шығуға дайын

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства осмотрел посевные площади ТОО "Дайындык-Агро" и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании
Глава государства осмотрел посевные площади ТОО Дайындык-Агро и ознакомился с ходом весенне-посевной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2024
Жазылу
Бұл туралы Серік Жұманғариннің Солтүстік Қазақстанға облысына сапары барысында айтылды
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылғын техникасын шығаратын зауыт өз өнімін Моңғолияға шығаруға дайын отыр. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осы мәселені пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұманғарин жұмыс сапары аясында "Avagro" зауытының жұмысымен танысты. Онда 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығына арналған бүріккіштер шығарылады. Зауыттың қуаты – жылына 600 техника, 2023 жылы өндіріс көлемі 4,6 млрд теңгені құрады. Бүгінде еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бар. Ол үшін компанияға жаңа нарықтар қажет.
Кәсіпорын директорының орынбасары Елена Губченко вице-премьерден өсімдік шаруашылығы қазір белсенді дамып жатқан Моңғолия нарығына шығу мүмкіндігін сұрады. Ал Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрлігінің өкіліне өндірушінің өнімдерін экспорттау үшін екі елдің сауда ведомстволары арасында байланыс орнатуды тапсырды.
Жұманғарин Қызылжар ауданындағы Петерфельд және Заградовка ауылдары маңындағы егістік алқаптарында фермерлермен де кездесті.
"Біз аграрлық сектордан ел бюджетіне қомақты салық күтпейміз. Мемлекет басшысы айтқандай, ауылдың көркеюіне қамқорлық жасап, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз еткен, ауылда өмір сүруге жағдай жасап жатқан фермерлерді әрқашан қолдаймыз. Біз өз тарапымыздан сіздерге көктемгі және күзгі егіс жұмыстары кезінде тыңайтқыштарға, инвестициялық жобаларға, техникаға мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын көрсетуге дайынбыз және оның көлемін кезең-кезеңімен жылына триллион теңгеге дейін арттырамыз", - деді Жұманғарин.
Ал кәсіпкерлер жастарды ауылға тарту, заманауи жұмыс әдістерін енгізу, агрономияны ұстану, отандық ауыл шаруашылығы ғылымының, әсіресе тұқым шаруашылығының жетістіктерін пайдалану үшін адами капиталға инвестиция салуы қажет.
Солтүстік Қазақстанда ірімшік өндірісі де жолға қойылған. Мәселен, "Зенченко и К" серіктестігі сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және өнімнің жаңа түрін өндіру желісін реттеу үшін сүт зауытын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Осылайша, күніне 500-600 келі ірімшік өндірмекші. Алайда Қазақстанда отандық ірімшікпен қамтамасыз ету көрсеткіші небәрі 46%-ды құрайды. Осыған байланысты вице-премьер мемлекетке мұндай өндіріс орындары қажет екенін және ірімшік өндіру желісін іске қосуға қолдау көрсетілетінін айтты.
Жұманғарин "Петерфельд-Агро" ЖШС және "Атамекен-Агро-Корнеевка" ірі тауарлы-сүт фермаларына барып, жоңышқа өсіру, одан жоғары сапалы түйіршіктер шығару және "Salar Farm" ЖШС-нің қызылша сығындысын өндіру жобасымен танысты. Бұл экспортқа бағытталған Қытай, Орталық Азия және Парсы шығанағы елдерінің нарықтарында сұранысқа ие өнім болып саналады. Өндіріске неміс және голланд технологиялары қолданылады. Өндіріс қуаты жылына 57 мың тоннаға дейін болады деген жоспар бар.
Жаңалықтар
0