АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілеріне фармацевтикалық, косметикалық өнімдер мен маркетплейс нарығына салалық талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович мәлімдеді.
"Біз 2025 жылы зерттегіміз келетін жекелеген тауарлардың 17 нарығын анықтадық. Сонымен қатар, салалық талдау жүргізілетін Одақ экономикасының үш саласы анықталды. Айтайын дегенім, біз халық үшін ең сезімтал нарықтарға салалық талдау жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл фармацевтикалық нарық, парфюмерия мен косметика нарығы және цифрлық сауда платформалары нарығы", - деді Максим Ермолович.
Ол сондай-ақ ЕЭК Одақ елдерінің маркетплейстерге қатысты құқық қолдану тәжірибесін зерделеуге көп көңіл бөлгенін мәлімдеді.