Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Үндістан Украинадағы бейбітшілікті қалпына келтіруге үлес қосуға дайын – Моди

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Үндістан Украина мен Батыс Азиядағы бейбітшілікті қалпына келтіруге үлес қосуға дайын, деп мәлімдеді Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Германия канцлері Олаф Шольцпен бірге өткізген баспасөз конференциясында.
"Украинада және Батыс Азияда жалғасып жатқан қақтығыстар екеумізді де алаңдатады. Үндістан әрқашан проблема ұрыс даласында шешілмейді деп есептеп келді және бейбітшілікті қалпына келтіруге қолынан келгенше үлес қосуға дайын", - деп мәлімдеді Моди.
Германия канцлері Олаф Шольц премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен Үндістанға ресми сапармен барды. Сапар барысында екі ел басшылары 18-ші Азия-Тынық мұхиты неміс бизнесі конференциясында сөз сөйлеп, жетінші үкіметаралық консультацияларға төрағалық етті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Трамптың "Украинадағы қақтығысты реттеймін" деген сөзіне сенетінін айтты