Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Трамптың "Украинадағы қақтығысты реттеймін" деген сөзіне сенетінін айтты

© Фотохост-агентство brics-russia2024.ru / Медиабанкке өтуXVI саммит БРИКС. Церемония официальной встречи президентом РФ В. Путиным глав делегаций стран БРИКС
XVI саммит БРИКС. Церемония официальной встречи президентом РФ В. Путиным глав делегаций стран БРИКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Республикалық партияның кандидаты, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттегісі келетіні туралы сөзін шынайы деп санайтынын айтты.
"Жақында Трамп мырзаның айтқаны, менің естігенім – ол Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін бәрін істейтінін мәлімдеді. Ол мұны шын жүректен айтқан сияқты. Мұндай мәлімдемені кім жасағанына қарамастан, біз, әрине, құптаймыз", - деді Ресей басшысы БРИКС саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ Ресей президенті Трамптың бұрынғы сұхбатында "Мәскеуге соққы беремін" деп айтқан сөзі есінде жоқ екенін жеткізді.
"Ресейді қорқытудың мәні жоқ, өйткені бұл бізді тек қана қуаттандырады", - деді Путин.
Еске сала кетейік, АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы жанжалды реттеуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді.
"Біз президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін көп ұзамай Ресей мен Украина арасындағы осы қорқынышты соғысты реттеймін. Мен "үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын аламын" деп мәлімдей алатын жалғыз адаммын", - деді ол Мичиганда сөйлеген сөзінде.
Президент Соединенных Штатов Америки Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы шешуге уәде берді
Жаңалықтар
0