Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бүгін Қазақстан халқы ұлттық мереке - Республика күнін тойлап жатыр
Sputnik
АСТАНА, 25 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті.
Ақорданың хабарлауынша, Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұраным шырқалды.
Астанадағы Мемлекеттік туды көтеру рәсімі
"Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған бұл күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауы деп баға берген болатын", - деп хабарлады Ақорда.
1 / 5

Астанадағы Мемлекеттік туды көтеру рәсімі

2 / 5

Астанадағы Мемлекеттік туды көтеру рәсімі

3 / 5

Астанадағы Мемлекеттік туды көтеру рәсімі

4 / 5

Астанадағы Мемлекеттік туды көтеру рәсімі

5 / 5

Астанадағы Мемлекеттік туды көтеру рәсімі

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.
Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады