https://sputnik.kz/20241025/toqaev-qazaqstandyqtardy-respublika-kunimen-quttyqtady-48070419.html
Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Ол ел ертеңі қандай болатыны әрбір қазақстандыққа байланысты екенін айтып, азаматтар осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, Қазақстанның мемлекеттігін... 25.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-25T09:15+0500
2024-10-25T09:15+0500
2024-10-25T09:15+0500
президент
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/05/47574385_0:54:1280:774_1920x0_80_0_0_3905361e3257d72b2471a1253fa4e8e6.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жұртын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Президент Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттіліктің қайта жаңғыруының символы екенін айтты.Ол ел ертеңі қандай болатыны әрбір қазақстандыққа байланысты екенін айтып, азаматтар осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, Қазақстанның мемлекеттігін нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
https://sputnik.kz/20241025/respublika-kuni-qazaqstanda-ulttyq-mereke-toylanyp-zhatyr-48063936.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/05/47574385_89:0:1192:827_1920x0_80_0_0_adad9c7b9868e7fe73bc348562db2975.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан
Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады
Ол ел ертеңі қандай болатыны әрбір қазақстандыққа байланысты екенін айтып, азаматтар осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, Қазақстанның мемлекеттігін нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жұртын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттіліктің қайта жаңғыруының символы екенін айтты.
"Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді. Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз", - дед Тоқаев.
Ол ел ертеңі қандай болатыны әрбір қазақстандыққа байланысты екенін айтып, азаматтар осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, Қазақстанның мемлекеттігін нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.