Павлодарда трамвай жол апатына ұшырады

Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 қазан - Sputnik. Павлодарда трамвай мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиғаға қоғамдық көлік кінәлі болған.
"Трамвай жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, трамвай жолдарындағы қиылыста тұрған Тойота Камри маркалы автокөлікпен соқтығысқан", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады, дейді полиция.
Павлодарда трамвай адам қағып өлтірді: жүргізуші қашып кеткен