Павлодарда трамвай адам қағып өлтірді: жүргізуші қашып кеткен

© SputnikМужчину насмерть сбил внедорожник на Кульджинском тракте
Мужчину насмерть сбил внедорожник на Кульджинском тракте - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 30 маусым – Sputnik. Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz
29 маусым күні сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған.
Осы факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді.
көлік қағып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Өңірлер
Екібастұзда үш жасөспірімді көлік қағып кетті: балалар жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар
0