Тоқаев Анкарадағы теракт туралы: Қазақстан қастандық әрекетті қатаң айыптайды

Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалды.
Қарулы топ такси көлігімен келген. Олар автоматтармен, тапаншалармен қаруланған.
Анадолы агенттігі жариялаған соңғы мәліметтер бойынша, 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алған.
Әлем
Анкарадағы теракт: 3 адам қаза тапты, 2 содырдың көзі жойылды