Әлем

Анкарадағы теракт: 3 адам қаза тапты, 2 содырдың көзі жойылды

© AP Photo / Hani MohammedАрхивное фото боевиков с автоматами
Архивное фото боевиков с автоматами - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Жазылу
Түркияның Анкара қаласында лаңкестік шабуыл болды
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Анкарадағы TUSAŞ түрік аэроғарыштық компаниясының нысанында теракт болды. Салдарынан үш адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Екі лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости.
Сәрсенбі күні Анкараның Кахраманқазан ауданында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын түріктің TUSAŞ корпорациясы ғимараты жанында жарылыс, артынан атыс болған, деп хабарлады түркиялық БАҚ.
Анкара Бас прокуратурасы лаңкестік әрекетке қатысты тергеу бастады.
"TUSAŞ нысанына лаңкестік әрекет жасаған екі террористің көзі жойылды, өкінішке қарай, шабуыл салдарынан үш адам қаза тапты, 14-і жараланды", - деп жазды министр әлеуметтік желіде.
TUSAŞ – түрік аэроғарыш компаниясы. Ол түріктің бесінші буындағы Kaan жойғыш ұшағын, Anka шабуылдаушы ұшқышсыз ұшу аппаратын және F-16 жойғыштарын модернизациялауда. Бұл аймақта USET ғарыш аппараты мен спутниктік сынақтан өткізу орталығы орналасқан.
Жаңалықтар
0