Қазақстан түріктің ұшқышсыз ұшатын аппараттарын өндіруді жоспарлап отыр

Қорғаныс министрлігінің басшысы Стамбулда өткен SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі көрмесінде келіссөздер жүргізді
Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Стамбулда Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен нәтижелі келіссөз жүргізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Тараптар еліміздің аумағында жедел деңгейдегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен тосқауылдайтын оқ-дәрілер өндірісін оқшаулау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің ІV Халықаралық көрмесі аясында түрік әріптестері – ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлермен және қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халық Гергүнмен келіссөз жүргізді.
Бұдан басқа Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мүбарак Фадель Аль-Мазруимен де кездесу өтті.
Көрмеде әскерлер мен ұрысты басқарудың автоматты жүйелері, робототехникалық кешендер, байланыс, ӘШҚҚ, радио барлау, радиоэлектрондық күрес және радиоға қарсы іс-қимыл құралдары қойылған. Көрмеге қойылған ұшқышсыз басқарылатын авиация, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ, лазерлік технологиялар, оптикалық-электронды жабдықтар және басқа да экспоненттер қызығушылық тудырды.