https://sputnik.kz/20241024/qazaqstan-turiktin-ushqyshsyz-ushatyn-apparattaryn-ondirudi-zhosparlap-otyr-48062021.html
Қазақстан түріктің ұшқышсыз ұшатын аппараттарын өндіруді жоспарлап отыр
Қазақстан түріктің ұшқышсыз ұшатын аппараттарын өндіруді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Қорғаныс министрлігінің басшысы Стамбулда өткен SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі көрмесінде келіссөздер жүргізді 24.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-24T22:31+0500
2024-10-24T22:31+0500
2024-10-24T22:31+0500
қорғаныс министрлігі
дрон
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/18/48047520_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_85073be0d8084946e13e41035d7fdba1.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Стамбулда Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен нәтижелі келіссөз жүргізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Сондай-ақ Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің ІV Халықаралық көрмесі аясында түрік әріптестері – ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлермен және қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халық Гергүнмен келіссөз жүргізді.Бұдан басқа Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мүбарак Фадель Аль-Мазруимен де кездесу өтті.Көрмеде әскерлер мен ұрысты басқарудың автоматты жүйелері, робототехникалық кешендер, байланыс, ӘШҚҚ, радио барлау, радиоэлектрондық күрес және радиоға қарсы іс-қимыл құралдары қойылған. Көрмеге қойылған ұшқышсыз басқарылатын авиация, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ, лазерлік технологиялар, оптикалық-электронды жабдықтар және басқа да экспоненттер қызығушылық тудырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/18/48047520_104:0:1064:720_1920x0_80_0_0_b8da0c325f2e9ead96d98e0e8f56564e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, дрон
қорғаныс министрлігі, дрон
Қазақстан түріктің ұшқышсыз ұшатын аппараттарын өндіруді жоспарлап отыр
Қорғаныс министрлігінің басшысы Стамбулда өткен SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі көрмесінде келіссөздер жүргізді
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Стамбулда Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен нәтижелі келіссөз жүргізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Тараптар еліміздің аумағында жедел деңгейдегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен тосқауылдайтын оқ-дәрілер өндірісін оқшаулау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің ІV Халықаралық көрмесі аясында түрік әріптестері – ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлермен және қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халық Гергүнмен келіссөз жүргізді.
Бұдан басқа Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мүбарак Фадель Аль-Мазруимен де кездесу өтті.
Көрмеде әскерлер мен ұрысты басқарудың автоматты жүйелері, робототехникалық кешендер, байланыс, ӘШҚҚ, радио барлау, радиоэлектрондық күрес және радиоға қарсы іс-қимыл құралдары қойылған. Көрмеге қойылған ұшқышсыз басқарылатын авиация, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ, лазерлік технологиялар, оптикалық-электронды жабдықтар және басқа да экспоненттер қызығушылық тудырды.