АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Өкінішке қарай Ресей шекарасында қақтығыс болып жатыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Жер шарында (қазір) қарулы қақтығыс көбейіп тұр. Өкінішке қарай дәл осындай жағдай біздің шекарада да болып жатыр", - деді Путин "БРИКС+/аутрич" форматындағы БРИКС саммитінің қорытынды отырысында.
Қазандағы БРИКС саммиті 22-24 қазан аралығында өтіп жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйымға Ресей төрағалық етіп отыр. Сондықтан саммит Қазан қаласында ұйымдастырылды. Жалпы Ресейдің БРИКС-ке төрағалығы "тең жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту" ұранымен өтуде.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік, оған 2011 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия қосылды. 2024 жылдың басынан Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы мүше болды.