Жалпыға ортақ қауіпсіздікке қол жеткізуіміз керек – Си Цзиньпин

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСи Цзиньпинь
Си Цзиньпинь - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
Сонымен қатар Қытай басшысы өз сөзінде Украинадағы қақтығыс жайын да айтты
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Қазандағы БРИКС саммитінде сөйлеген сөзінде БРИКС елдерін диалогты нығайтып, бір-бірін қолдауға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз өркениеттер арасындағы өзара байланыстың қозғаушы күші болып, өзара іс-қимыл мен диалогты күшейтіп, ұлттық талаптарға сай модернизация жолын таңдауда бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек", - деді Қытай басшысы.
Ол сондай-ақ БРИКС елдері "бейбітшілікті сақтау, жаһандық қауіпсіздікті басқаруды күшейту және өзекті мәселелердің шешімін табуда тұрақтандырушы күш болуы керек" екенін айтты.
Си Цзиньпиннің пікірінше, БРИКС елдері жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянбауы керек.
"Жаһандық Оңтүстіктің" алдыңғы шебіндегі елдер ретінде біз ұжымдық даналығымыз бен күш-қуатымызды көрсетіп, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, бейбітшілікті табандылықпен қорғауымыз керек және адамзаттың болашағы ортақ қоғамдастық құру үшін жалпыға ортақ қауіпсіздікке қол жеткізуіміз керек", - деді Қытай басшысы.
Сонымен қатар Қытай басшысы өз сөзінде Украинадағы қақтығыс жайын да айтты.
"Біз Украинадағы дағдарысты жағдайды тезірек бәсеңдетуге көмектесіп, саяси реттеуге жол ашуымыз керек", - деді Си Цзиньпин.
Қазандағы БРИКС саммиті 22-24 қазан аралығында өтіп жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйымға Ресей төрағалық етіп отыр. Сондықтан саммит Қазан қаласында ұйымдастырылды. Жалпы Ресейдің БРИКС-ке төрағалығы "тең жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту" ұранымен өтуде.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік, оған 2011 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия қосылды. 2024 жылдың басынан Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы мүше болды.
Жаңалықтар
0