Маңғыстау әкімдігі 40-қа жуық жетім баланы үй кезегіне қоймаған

Әкімдік қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды.
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық бала тұрғын үй кезегіне енгізілді", - делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапқа тартылды.
Солтүстік Қазақстанда 50-ге жуық жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылған