https://sputnik.kz/20240522/soltustik-qazaqstanda-50-ge-zhuyq-zhetim-bala-baspana-kezeginen-zansyz-shygarylgan-44492938.html
Солтүстік Қазақстанда 50-ге жуық жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылған
Солтүстік Қазақстанда 50-ге жуық жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылған
Sputnik Қазақстан
Лауазымды тұлғалар 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған 43 жетім баланы тізімнен негізсіз алып тастаған 22.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-22T22:41+0500
2024-05-22T22:41+0500
2024-05-22T22:41+0500
прокуратура
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_0:59:2001:1184_1920x0_80_0_0_3b380298a18d83635182c42794dd851a.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар 50-ге жуық жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылғанын анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратура.Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның талаптарын бұза отырып, 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған 43 жетім баланы тізімнен негізсіз алып тастаған.Сондай-ақ осыған ұқсас заңсыздық ("Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 71-бабының талабына қайшы) Ақжар ауданы мен Петропавл қаласында тіркелді. Мұнда қорғаншылық және қамқоршылық органдары 3 ай бойы 6 жетім баланы тұрғын үй кезегіне қоймаған.Сонымен қатар Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласының қамқоршылары "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 126-бабын бұзып, жүйелі негізде қамқорлығындағылардың тәрбиесі мен ұстау туралы есепті бермеген.Қызылжар, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарының қорғаншылық және қамқоршылық органдары кәмелетке толмағандардың пайдасына заңды өкілдерден алименттерді мәжбүрлеп өндіріп алуды бақылау шарасын қабылдамаған.Қадағалау органының актілері бойынша 8 лауазымды тұлға, оның ішінде аудандық білім бөлімінің 2 басшысы тәртіптік жауапқа тартылып, заң бұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы қорғалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913731_108:0:1885:1333_1920x0_80_0_0_5fdbb069f12a5fe5dae7f278945b877b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура
Солтүстік Қазақстанда 50-ге жуық жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылған
Лауазымды тұлғалар 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған 43 жетім баланы тізімнен негізсіз алып тастаған
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар 50-ге жуық жетім бала баспана кезегінен заңсыз шығарылғанын анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның талаптарын бұза отырып, 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған 43 жетім баланы тізімнен негізсіз алып тастаған.
Сондай-ақ осыған ұқсас заңсыздық ("Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 71-бабының талабына қайшы) Ақжар ауданы мен Петропавл қаласында тіркелді. Мұнда қорғаншылық және қамқоршылық органдары 3 ай бойы 6 жетім баланы тұрғын үй кезегіне қоймаған.
Сонымен қатар Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласының қамқоршылары "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 126-бабын бұзып, жүйелі негізде қамқорлығындағылардың тәрбиесі мен ұстау туралы есепті бермеген.
Қызылжар, Ғабит Мүсірепов, Тимирязев аудандарының қорғаншылық және қамқоршылық органдары кәмелетке толмағандардың пайдасына заңды өкілдерден алименттерді мәжбүрлеп өндіріп алуды бақылау шарасын қабылдамаған.
Қадағалау органының актілері бойынша 8 лауазымды тұлға, оның ішінде аудандық білім бөлімінің 2 басшысы тәртіптік жауапқа тартылып, заң бұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы қорғалды.