Фетхуллах Гүлен қайтыс болды - БАҚ

2016 жылы ол Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыпталды
Sputnik
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Түркияда террористік ұйым деп танылған FETÖ ұйымының негізін қалаушы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды, деп хабарлайды Hurriyet газеті.
Гүлен АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұрған. Соңғы жылдары оның денсаулығы қатты нашарлап кеткен.
"Бүйрек жеткіліксіздігі мен қант диабетінен бөлек деменция күшейіп кетті. Оның жағдайы күрт нашарлай бастады", - деп жазды Hurriyet газеті.
Басылымның мәліметіне сәйкес, Америка мен Еуропадағы FETÖ ішінде ұйымының басшылығы үшін күрес басталды.
Айта кетері, 2021 жылдың соңында Гүленнің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда артынан ол мәлімет жоққа шығарылды.

2016 жылы Түркияда мемлекеттік төңкеріс болып, 250-ден астам адам қаза тапты. Ресми билік Фетхуллах Гүленнің қозғалысын айыптады. Ал Гүленнің өзі бүлікке қатысы жоқ екенін айтқан.
Қоғам
Түркия ғұламасы Фетхуллах Гүленге қатысты пікірін айтты