Қоғам

Түркия ғұламасы Фетхуллах Гүленге қатысты пікірін айтты

© AP Photo Фетхуллах Гүлен
Фетхуллах Гүлен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Селим Аргун Түркияның Гүленге қатысты ұстанымы ешқашан өзгермейтінін айтты

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Түркия Республикасы дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Селим Аргунның айтуынша, халық таңдаған басшыға қарсы шығу – террористік ұйымдардың ісі. Бұл туралы ойын ол Астанада өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумында жеткізді.

Содырлар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев: жихадты насихаттайтын радикалды топтар елеулі саяси күшке айналды

"Түркия Республикасының Фетхуллах Гүленге қатысты ресми ұстанымы барша әлемге белгілі, ол ешқашан өзгермейді. 15 шілдеде (әскери төңкеріс жасау әрекеті – ред. ескертп) болған оқиға естеріңізде шығар. Себебі қандай да бір елде халық таңдаған саяси басшылыққа қарсы шығу – бұл террористік ұйымдардың әрекеті. Кез келген мемлекет мұндайға қарсы шығады. Бауырлас ел ретінде Қазақстаннан бұл мәселеге дұрыс көзқараспен қарауын күтеміз. Ең жаманы, бұл топ діни терминдерді, діни идеологияны пайдалана отырып, халық ішінде дінге деген теріс көзқарас қалыптастырды. Болашақта мемлекеттің алдында туындауы мүмкін осындай қауіп-қатерлердің алдын алу үшін ресми емес мекемелер мен ұжымдармен тығыз жұмыс істеу керек", — деді ол. 

Аргун мұсылман ғұламаларының форумы терроризм мен экстремизм мәселелерін шешуге көмектесетінін, десек те әрбір ел ұлттық қауіпсіздік шараларын жан-жақты қолға алуы керектігін атап өтті. 

"Әрине, бүгінгі жиын туындап отырған мәселелердің шешімін табуға көмектесетіні анық. Бұл мемлекеттік және ұлттық мәселе. Сол себепті әр мемлекет ұлттық қауіпсіздік шараларын қолға алу үшін осы мәселені жан-жақты қарастырып отыруы қажет. Түркияның дін істері басқармасы қашанда қолдау көрсетуге және тәжірибе алмасуға дайын", — деді ол.

Жаңалықтар
0